Семей қаласындағы ескі көпірдің асфальты толық жаңартылады

Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

"Апта соңында асфальт жабындысын ауыстыру жұмыстарын бастау қажет. Қала тұрғындары бұған түсіністікпен қарайды деп ойлаймыз. Бір аптаның ішінде аяқтауды тапсырамын. Кіре беріс жолдарын қоса алғанда 1 шақырымға жуық жерге, алыңдығы 6 сантиметрлік асфальт төселетін болады. Осылайша қаламыздағы екі көпір де толық жаңарады", – деді облыс әкімі.

Осыған дейін Семейдегі аспалы көпірдің жолы мен айналма жолдың асфальт жабындысы толық ауыстырылған болатын. Ескі көпірдегі жұмыстар аяқталғанда облыс орталығындағы қозғалыс қауіпсіздігі мен қолайлылығы арта түспек.

Сурет: Абай облысы әкімінің баспасөз қызметі